СҚО-да 104 млн теңгеге жуық еңбекақы қарызы қайтарылды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері өңір прокурорлары 3082 қызметкердің құқығын қорғады.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының жұмыс берушілері 553 жұмысшыға жалпы сомасы 103,7 млн теңге еңбекақы төлемеген.
Есіл және Уәлиханов аудандарында білім беру мекемелерінің 282 қызметкері арнайы киіммен (мақта-матадан тігілген халаттар, қолғаптар, отқа төзімді алжапқыштар, қолғаптар және т.б.) қамтамасыз етілмеген.
Прокурорлық қадағалау актілерінен кейін жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, қызметкерлерге арнайы киім берілді, кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылды.
Өңір прокурорлары жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады, оны бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бұған дейін Қарағанды облысында құқық қорғау органдары дизель отынын теміржолдың жылжымалы құрамынан жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойғанын жазған едік.