СҚО-да 122 түлек сыннан сүрінді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 4 күнде 2308 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Оның 122-сі межелік өту балын жинай алмады. Бұл туралы СҚО білім басқармасының бас маманы Шекер Жандосова хабарлады.
None
None

«Бәрі қатал болды. Көшіру мүмкіндігі болмады. 5 маусымда ҰБТ-ны 2308 түлек тапсырып болды, олардың 128-і алтын медальға үміткер болған. 27-сі ғана білімін ақтап шықты. 122-сі ең төменгі көрсеткішті жинай алмады», - деді ол. 6 маусым - СҚО-да ҰБТ тапсыратын соңғы күн. Жалпы, 4 күннің нәтижесі бойынша өңірдегі орташа ұпай - 77,81 балды құрады.

Қазіргі уақытта ең көп ұпай - 120 ұпайды Тимирязев мектеп-гимназиясының оқушысы Әлия Байжанова жиған. Ол үздік аттестатқа үміткер болды.

Жалпы 2014 жылы өңірде 2602 түлек ҰБТ тапсыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар