СҚО-да 15 жасар жасөспірім қолдан жасалған қарумен атылып қалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында 15 жасар баланың өзіне қол жұмсауына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

суицид
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде баланың үйде жалғыз болғандығы айтылады. Қансыраған баланы әкесі тауып алған. Жасөспірім қолдан жасалған пистолетпен атылып қалған. 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жамбыл ауданы Пресновка ауылында болған. Қазір кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

— Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, — дейді тәртіп сақшылары.

Бұған дейін СҚО-да 4 адамның донерден уланып қалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар