СҚО-да 16 инвестициялық жоба іске асады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында 1 млрд теңгеден асатын сомада сүт өндіру бойынша 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру және жаңғырту жоспарланып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Жыл сайын облыста 500 мың тоннадан жоғары сүт өнідіріледі. Соңғы үш жылда оның көлемі 50 мың тоннаға артты. Оның үстіне, өңірде сүттің 74%-ын жеке қосалқы шаруашылықтар береді.  Ауыл тұрғындары өңдеуші кәсіпорындарға 125 мың тоннадан астам өнім жіберіп отыр.  

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаровтың айтуынша,  475 елді мекендерден сүт сатып алу ұйымдастырылған. Сүттің литрін орташа есеппен 75 теңгеге сатып алады. Сүтті қабылдап, 37 ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өңдеуші кәсіпорындарына өткізеді.

«Кооперавтитердің артықшылықтары да бар. Біріншіден олар майлылығын, қоюлылығын,  тазалылығын және құрамында судың жоқтығын сараптамадан өткізу арқылы сатып алынған сүттің сапасын бақылайды, бастапқы сүзгіден өткізіп, 4оС дейін салқындатады. Сатып алынған сүт салқындатқыш танкерлерде жиналып, одан кейін өңдеуші кәсіпорындарға жіберіледі», - дейді Қайрат Омаров.

Өңірде жылына 290 мың тоннадан астам шикізат өңдеуге қабілетті 15 сүт өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді. Былтырғы жылы 255 мың тонна шикі өнім өңделді. Солтүстікқазақстандық сүт өңдеуші кәсіпорындардың 87%-ы жұмыс істеп тұр. 

Соңғы жаңалықтар