СҚО-да 1,7 мың литр контрафактілік спирттік өнім айналымнан алынды

алкоголь
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан обласында тас жолда полицейлер Мемлекеттік кірістер департаментімен бірге бір тоннадан астам контрафактілік алкогольді тәркіледі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасына контрафактілік алкогольдің көп мөлшердегі заңсыз айналымы туралы ақпарат келіп түскен.

Полицейлер облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірге Қызылжар ауданының аумағында, «Астана – Петропавл» автожолында жүк көлігін тоқтатты. «ГАЗель» автомашинасында Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны болған.

алкоголь
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Көліктен 70 дана бес литрлік және көлемі 0,5 болатын 2680 бөтелке тәркіленді. Ыдыстардың ішінде спирті бар сұйықтық болған. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 1 690 литр болды. Жүк иесінің ішімдікке құжаттары болмаған.

Аталған дерек бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.

арақ
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

«Сапасы тексерілмеген, лицензияланбаған алкоголь адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін еске саламыз», - дейді СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері.

Бұған дейін Шымкент әкімінің экс-орынбасарына сот үкімі шыққанын айтқан едік.

Соңғы жаңалықтар