СҚО-да 20 жастағы жігіт суға кетіп, мерт болды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында «Черное» көліне суға шомылуға барған 20 жастағы жігіт мерт болды.

Павлодарда орталық жағажайда суға батып кеткен студенттің мүрдесі табылды
Фото: ТЖМ

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше 1 шілде күні сағат 22.10 минут кеткенде болған. Қызылжар ауданы Прибрежное елді мекенінің маңында орналасқан «Черное» көліне демалуға барған 20 жастағы жігіт суға түсіп, қайтып шықпаған.

«Белгісіз жағдайда жоғалған 2003 жылы туған ер адамды іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 3 адам, 5 құтқарушы, қайық және 3 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында полицияның 5 қызметкері және 2 техникасы жұмыс істеді. Сағат 22.45 минут кеткенде жігіттің денесі табылды. Қазіргі уақытта өлімнің себебі анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген баспасөз хабарламасында.

СҚО-да жаз басталғалы бұл суда болған төртінші қайғылы оқиға. Бұған дейін үш жасөспірім суға батып кеткен еді

Сондай-ақ бұған дейін СҚО Қызылжар ауданында тасқын кезінде қырылған малға 2,4 млн теңге өтемақы берілгендігін жазған едік

Соңғы жаңалықтар