СҚО-да 200 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекетке қайтарылды
АСТАНА. KAZINFORM – Жыл басынан бері прокурорлық қадағалау шаралары бойынша жалпы сомасы 30 млрд теңге болатын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Осылайша, Есіл ауданы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімінің лауазымды тұлғалары Азаматтық кодекстің 242-бабының талаптарын бұза отырып, 14 иесіз нысанды (су мұнарасы, ауылдық клуб ғимараты, трансформаторлық қосалқы станция, ұңғыма, су құбырының тарату желілері және т.б.) коммуналдық меншікке қабылдау шараларын қабылдамаған.
Дәл осындай заңбұзу Шал ақын ауданы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімінде ұзындығы 6 км құрайтын иесіз су желілері бойынша да анықталды.
Қызылжар ауданында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Кодекс талаптарына қайшы, мердігер ұйымда болған 13,1 млн теңгенің жабдығын (трансформаторлық қосалқы станция, дизельдік генератор) қайтару шараларын қабылдамаған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сомасы 200 млн теңгеге иесіз нысандар мен жабдықтар мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қадағалау органы бұл бағыттағы жұмысты жалғасып жатыр.
Айта кетелік Астанадағы ақылы тұрақтар коммуналдық меншікке қашан қайтарылатыны туралы жазған едік.