СҚО-да 2014 жылы әлеуметтік нысандар құрылысына 37 млрд. теңге жұмсалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстык Қазақстан облысында 2014 жылы әлеуметтік нысандар құрылысына 37 млрд. теңге жұмсалды. Бұл туралы СҚО статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Облыс аумағында құрылыс қызметін 21 ұйым жүзеге асырды. Көрсетілген кезең ішінде олар 37,8 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстарын орындады, ол 2013 жылғы деңгейден 2,6% артық. Құрылыс жұмыстары құрылымында барынша үлкен үлес салмағын құрылыс-монтаж жұмыстары (72,8%) алған»,-делінген хабарламада. Күрделі және ағымдағы жөндеу үлесіне сәйкесінше 19,6% және 7,6% келді.

2014 жылы 624 жаңа ғимарат салынды, оның ішіндегі 559-ы тұрғын және 65-і тұрғын емес мақсаттағы ғимарат. Есепті кезең ішінде 27 ауыл шаруашылық мақсатындағы нысан, 20 қонақ үй, мейрамхана және ұқсас нысандар, 9 сауда орындары салынды.

Жалпы аумағы 120,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2013 жылғы деңгейден 4,4%-ға артық.

Соңғы жаңалықтар