СҚО-да 2015 жылға дейін ірі қараның 10 мың басына арналған бордақылау алаңдарын салу жоспарлануда

ПЕТРОПАВЛ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Ірі қара малдың экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында
None
None

2011-2015 жылдар аралығында 10 мың басқа бордақылау алаңдарын, 4 мың басқа шаруашылық-репродукторларды, 15 мың 600 мал басына арналған фермерлік шаруашылықтарды құру жоспарлануда.

Елбасының Жолдауында айтылған негізгі мәселелердің бірі - мал шаруашылығы өнімдерінің өнеркәсіптік өндіріс жүйесін құру. Бұған 2011 жылдан бастап іске асырылып жатқан ірі қара малдың етін өндіру бойынша экспорттық әлеуетті дамыту жобасы септігін тигізуде.

Алға қойылған міндеттерді орындау үшін «Сыбаға» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске асырылдын, ол «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымдарымен іске асырылады.

2011 жылы облыста бордақылау алаңдарын құру бойынша тапсырмасының болмағанына қарамастан, жеке қаражаттың есебіне 1500 мал басына бордақылау алаңы құрылды. «Солтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қарызға алған қаражатының есебінен (ірі қараның 1400 бас санына) асыл тұқымды малға арналған үш репродуктор құрылды.

2011 жылғы тапсырмасындағы шаруа қожалықтарын құруда  облыстың 130 агро құрылымымен 2200 мал санына ірі қараның 8,6  мыңнан астамы сатып алынды, оның ішінде  «ҚазАгро» АҚ-ның несилік ресурсына малдың 41 мың бас саны, жеке қаражаттың есебінен 4,5 мың мал бас саны сатып алынды.

Асыл тұқымды малды асылдандыру үшін ІҚМ шетелдік селекциясын сатып алу бойынша шаралар іске асырылуда.

Соңғы жаңалықтар