16:26, 09 Желтоқсан 2014 | GMT +5
СҚО-да 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясына тариф көтеріледі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясына тариф көтеріледі. Бұл туралы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
«2014 жылғы 25 қарашада ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «СҚО Таратушы электржелілік компаниясы» АҚ электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне жаңа тарифті бекітті, ол 2015 жылғы 1 қаңтардан басталатын болады. Тұтынушылар үшін ол 0,15 теңгеге өсіп, ҚҚС-ны есепке алмағанда, сағатына 1 кВт үшін 3,56 теңгені құрайтын болады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығы кезеңінде «СҚО ТЭК» АҚ үшін ҚҚС-ны есепке алмағанда, сағатына 1 кВт-ға 3,416 теңге көлемінде салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне тариф белгіленген болатын.