СҚО-да 2016 жылы жергілікті мақсаттағы 360 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді

Бірінші кезекте ол - агроөндірістік кешен саласындағы табыстар мен жетістіктер. Егін жинау науқаны, отандық өндірістік комбайндары, ІҚМ басы мен құстардың 10%-ға артуы, қайта өңдеу саласының дамуы және межеленген міндеттерге қол жеткізу барысын аймақ басшысы атап өтті.
Сонымен қатар, СҚО әкімі тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар, жол жөндеу мәселелерін талқылады және 2016 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
«Келер жылы жергілікті мақсаттағы 360 км астам жол жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша 300 пәтері бар 4 тұрғын үйдің құрылысын бастаудамыз. Бұдан басқа, аталмыш бағдарлама бойынша жалға берілетін баспаналардың құрылысын 2016 жылы аяқтау, яғни «Береке» шағын ауданында 201 пәтерді пайдаланылуға беру көзделген», - деді Е. Сұлтанов.