СҚО-да 24 велосипедші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының ІІД  жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері велосипедшілер тарапынан жол жүру ережелерін бұзу фактілерін анықтау бойынша рейд өткізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Айта кетерлігі, 2017 жылдың 15 шілдесінде ҚР «Жол жүру ережесі» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын.Яғни, аталған Заңның 57-бабының 3-тармағы бойынша, велосипедшілерге велосипедпен жаяу жүргіншілер жолымен қозғалуға тыйым салынған. Яғни, жаңа өзгеріс бойынша велосипедші жаяу жүргіншілер жолынан өту үшін велосипедтен түсіп, басқа жаяу жүргіншілермен бірге жаяу жүріп өтуге міндетті. Аталған заң талаптарын орындамаған жағдайда велосипедшілерге 5 АЕК (11 345 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, облыс пен қала жолдарында осы сияқты фактілердің алдын алу мақсатында тексеру шаралар жүргізілген.

«Осы өзгерістер заңды күшіне енген сәтінен бастап 24 велосипедші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер арасында жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған шаралар жалғасатын болады», - дейді Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ, СҚО ІІД баспасөз қызметі ағымдағы жылдың алты айының ішінде өңір бойынша 73 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлайды. Оның салдарынан 11 адам қаза тауып, 99 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Соңғы жаңалықтар