СҚО-да 35 градус аяз болады - ақпан айына ауа райы болжамы

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктер ақпан айына ауа райының болжамын жасады.

35 градус аяз болады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, айдағы орташа ауа температурасы -13,9-15,9°С болады, бұл нормаға жақын. Жауын-шашын мөлшері өңірдің басым бөлігінде әдеттегіден жоғары, тек облыстың солтүстік-батысы - Тимирязев, Жамбыл, Мамлют, М. Жұмабаев ауданының солтүстігі мен Петропавлда нормаға сай - 11-21 мм болады. 

Бірінші онкүндіктің ортасында қар аралас жаңбыр жауады, ал айдың басы мен онкүндіктің соңы, айдың ортасы мен соңы қарлы болады. 

Айдың алғашқы бес күнінде түнде ауа температурасы -18-23°С-тан -2-7°С-қа дейін, облыстың солтүстігінде -15-20°С-тан -2+3°С-қа дейін жоғарылайды. Ал күндіз -12-17°С мен -2+3°С аралығында болады деп болжанған. 

Онкүндіктің соңында күн суытады. Екінші он күндікте ауа температурасы түнде -22-27°С дейін, күндіз-12-17°С дейін төмендеуі мүмкін. 

Ал екінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы түнде -30-35°С-қа дейін, күндіз -17-22°С-қа дейін суытпақ. Ал үшінші онкүндіктің басында сынап бағанасы түнде -30-35°С-тан -6-11°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз -17-22°С-тан 0 -5 ° С-қа дейін көтеріледі.

Бұған дейін Петропавлда жыл басынан бері 10 адамды үсік шалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар