СҚО-да 6 млн теңгенің вейпін сатып жүрген жігіт ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері электронды темекіні сатуды кәсіпке айналдырды деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұстады. Кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

СҚО-да 6 млн теңгенің вейпін сатып жүрген жігіт ұсталды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты түрде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында петропавлдық жігітті ұстады. Оған осы жылдың маусым айынан бастап саудасына тыйым салынған вейпті сатумен айналысты деген айып тағылды.

Тәртіп сақшылары одан жалпы сомасы 6 млн теңгеден астам 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотині бар 165 сағыз тәркіледі.

Жас жігіт ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді.

- Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясы бойынша 200 АЕК дейінгі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Бұған дейін СҚО-да шыршаларды браконьерлерден қорғау үшін 11 стационарлық бекет құрылғандығын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар