СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында 32 тауар өндіруші қатысқан жәрмеңке-көрме өтті.

СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызмет

СҚО кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстың барлық аудандарынан және Петропавлдан жеке кәсіпкерлер қатысты. Биыл ол үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып, қала күніне тұспа-тұс келді.

 СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі

- Жапония үлгісіне негізделген бұл жобаның басты мақсаты – жергілікті шикізаттан өндірілетін өнімдерді дамыту, ауылда шығатын ерекше тауарларды анықтап, олардан бәсекеге қабілетті өңірлік брендтер қалыптастыру.

Қатысушылардың қатарында қала кәсіпкерлерімен қатар ауыл тұрғындары да бар. Олар сүт, ет, бал, наубайхана және кондитерлік өнімдер, ұлттық стильдегі киім мен тоқыма бұйымдарды, ағаштан жасалған заттар мен кәдесый өнімдерін әкеліп отыр, - дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі

СҚО-да жоба алғаш басталғанда 16 ғана кәсіпкер қатысса, өткен жылы – 24, ал биыл 32 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынып отыр.

Жобаға алғаш рет қатысып отырғандардың бірі – Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның омарташысы Лилия Шуцкая. Ол омарташылықпен 29 жыл айналысады. Бұл жолы күнбағыс, рапс, қарақұмықтан алынған бал түрлерін көрмеге ұсынды.

Көрмеге келушілердің ерекше қызығушылығын тудырғандардың бірі - Мағжан Жұмабаев ауданы, Возвышенка ауылынан келген Эдуард Ульман. Ол жұбайы Натальямен бірге жеті жылдан бері сарымсақ өсірумен айналысады.

СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі

- Жасым 71-де. Сарымсақ өсірумен айналысқаннан бері ауырған емеспін, себебі өз өндірісіміздегі ферменттелген сарымсақты тұрақты қолданамын. Бұл өнім әр дәріханада болуы тиіс деп есептеймін. Біз экологиялық таза, бірінші репродукциялы сарымсақ өсіреміз.

Қазақстанның түкпір-түкпіріне және Ресейдің 52 өңіріне, Тәжікстан мен Германияға да тұқымдық өнім жібердік. Жылына 4 тоннаға дейін сарымсақ аламыз, - дейді Эдуард Ульман.

СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі

Ерлі-зайыпты Ульман отбасылық кәсіпті дамыта отырып, енді дайын өнімдер өндірісіне көшкен. Қазіргі таңда олар сарымсақтан емдік және тағамдық 20-ға жуық өнім түрін шығармақшы. Көрмеге соның 10 түрін әкелді. Оның ішінде – сарымсақ тұздығы, шайға арналған қоспалар мен «жастық эликсирі» секілді өнімдер бар.

СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме қорытындысы бойынша үздік ондыққа енген қатысушылар жобаның екінші кезеңіне өтеді. Ал өңірлік бренд комитеті олардың арасынан үш үздікті таңдап, республикалық «Бір ауыл – бір өнім» көрмесіне жолдама береді. Бұл кәсіпкерлерге өз өнімдерін нарыққа шығаруға үлкен мүмкіндік бермек.

СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі

Бұған дейін СҚО-дағы атбегілер әулеті – Махатовтар отбасы туралы жазған едік.

СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі
СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі
СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі
СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр
Фото: СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі

 

 

Соңғы жаңалықтар