СҚО-да 8 мектеп пен бір балабақшада балалар коронавирус жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстандағы мектептерде оқушылардың коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Солтүстік Қазақстанның мектептерінде коронавирус ауруын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Індет сегіз білім ордасынан және бір балабақшадан анықталды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, балалармен байланыста болған адамдардың бәрі 14 күндік карантинге жатқызылған.


Соңғы жаңалықтар