СҚО-да 83 жастағы ауыл тұрғыны екі тәуліктен бері табылмай жатыр
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында 83 жастағы ер адам түнде үйінен шығып кетіп, екі тәуліктен бері табылмай жатыр. Зейнеткерді іздеуге полиция, құтқарушылар, ауыл тұрғындары жұмылдырылды.
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, Есіл ауданы Бірлік ауылының тұрғыны 10 қараша күні түнгі сағат 2.00 мен 6.00 аралығында үйден шығып кеткен. Туыстары өздігінен іздеп, таба алмағандықтан полицияның көмегіне жүгінді.
«Кеше таңертеңнен бері іздеп жатырмыз. 20 шақты полиция қызметкері жұмылдырылды. Бұдан бөлек төтенше жағдайлар департаментінің мамандары іздестіріп жатыр. Тұрғындар да көмекке келді. Ұшқышсыз ұшатын аппарат, техника қолданылып жатыр. Ауа райының қолайсыздығы іздеу операциясын қиындатты. Өңірде бірнеше күннен бері боран, ізді жауып тастады. Кеше көктайғақ болды», - дейді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Нұрбек Баекин.
Маманның айтуынша, қазіргі уақытта адасқан адам тоқтауыцц мүмкін мал қамайтын орындар, даладағы бақташылардың қосындары, отын дайыфндайтын орындар тексеріліп жатыр. Бұдан бөлек бақташылар, орманшылар, фермерлік шаруашылықтар ескертілді.
Бұған дейін адам іздеуге машықтанған Lider.kz волонтерлік қозғалысының үйлестірушісі Оксана Пришицпен сұхбатты назарға ұсынған едік.