СҚО-да адал еңбегі және тiлдердi дамытуға қосқан үлесi үшiн 14 азамат марапатталды (ФОТО)

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Фестиваль облыстың этно-мәдени орталықтарының салт-дәстүр және қолданбалы өнер көрмесiнен, флешмобтан және концерттiк бағдарламадан басталды.
ХVII облыстық тілдер фестивальдiң ашылуымен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Ерiк Сұлтанов құттықтады.
«Биылғы тiлдер фестивалi Қазақ хандығының 550 жылдығымен, Ата Заңымыздың және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен тұспа-тұс келiп отыр. Бұл айшықты мерекелердiң тәуелсiздiгiмiздiң тiрегiне айналған қазақ тiлiнiң мәртебесiн арттыруда өзiндiк үлесi зор. Қазақстан халқы тiлдерiнiң фестивалi қазiргi таңда елiмiздегi барлық этностарды жақындатқан ортақ мерекеге айналды.
Осы айтулы күнi баршаңызға мықты денсаулық, отбасында жақсылық, елiмiзге бiрлiк-береке тiлеймiн», - дедi өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен адал еңбегi, тiлдердi дамытуға қосқан елеулi үлесi үшiн СҚО «Құрмет грамоталарымен» және «Алғыс хаттарымен» 14 азаматы марапатталды.
Сондай-ақ, XVII облыстық тiлдер фестивалiнде сегiз номинация бойынша конкурс жеңiмпаздарының есiмдерi анық болды. Жеңiмпаздарды Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi дипломдармен марапаттады.
Фестиваль қатысушылары алдында Қазақстан халқының тарихи-мәдени және рухани мұрасын оқып-үйрену мен насихаттау негiзiнде қазақстандықтардың бiрегейлiгi мен ұлттық бiрлiгiн нығайту мақсатымен келген Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала елі» атты республикалық тарихи-мәдени экспедицияның мүшесi, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесiнiң мүшесi, қоғам қайраткерi Төлегұл Ғосман сөз сөйледi.