СҚО-да әкімшілік заңнаманы бұзған үш әкімге тәртіптік шара қолданылды
АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жер даулары және мемлекеттік сатып алу нәтижелерін даулау бойынша әкімшілік істерді қарау кезінде анықталған ӘРПК нормаларын бұзу фактілері бойынша облыс әкімінің атына үш жеке ұйғарым шығарды.

Жеке ұйғарымдар заңды күшіне енді.
— Бірінші жағдайда, жол бойындағы дәмхана құрылысының жобасын бекітуден бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап арыз бойынша жеке ұйғарым шығаруға аудан әкімінің жазбаша арызын қарамауы себеп болған. Аудан әкімі құрылыс бөлімінің әрекетіне келіп түскен шағымды қараудың орнына сол әрекетіне шағым жасалып жатқан органның қарауына жіберген. Аудан әкімінің бұл әрекеттері төмен тұрған мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағымды жоғары тұрған органның қарауы үшін ӘРПК талаптарын бұзған, — делінген сот хабарламасында.
Екінші жағдайда, жеке кәсіпкердің автомобиль жолдарын пайдалану жөніндегі мемлекеттік сатып алудың қорытындысын даулау туралы талап қоюында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жоқ аудиторлық шешімді негізге ала отырып, талап қоюшы жеңімпаз деп танылған мемлекеттік сатып алудың күшін жойғаны соттағы іс материалдарынан анықталды.
— Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан жіберілген өрескел заң бұзуға және оның заңсыз әрекетін ТҮКШ бөлімінің сотта мойындауына, аудит бөлімінің жауапкердің іс-әрекетінің заңсыздығы туралы хаттарына қарамастан, аудан әкімі өз бөлімшесінің заңсыз әрекеттерін қамтитын жазбаша дәлелді ұстанымын сотқа ұсынды. Сотқа жолданған жазбаша дәлелді ұстанымында аудан әкімі талап арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады, — делінген хабарламада.
Үшінші жағдайда, шаруа қожалығының талап арызы негізінде сот «шаруа қожалығына жер учаскесін уақытша, өтеулі, ұзақ мерзімді ортақ үлестік жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы» әкімдік қаулысын заңсыз деп таныды.
Сот істі қарау кезінде аудан әкімдігінің жер заңнамасының нормаларын және ӘРПК нормаларын бұзғандығы анықталды, бұл жеке ұйғарым шығаруға негіз болды.
Алдымен, мұндай шаралар лауазымды тұлғалардың ӘРПК нормаларын қатаң сақтауға ынталандыруға бағытталған.
Айта кетелік Петропавл тұрғыны сот арқылы тұрғын үй бағдарламасына қатысуға қол жеткізген еді.