СҚО-да әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл болып Бақыт Жайлаубаева тағайындалды.

 Бақыт Жайлаубаева
Фото: СҚО әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Бақыт Жайлаубаева СҚО Есіл ауданы Қарағай ауылының тумасы.

Петропавл медицина училищесінің түлегі. Сондай-ақ М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Педагог-психолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын облыстық туберкулезге қарсы диспансерде учаскелік медбике болып бастады. Әр жылдары Петропавлдағы психоневрологиялық сырқаттарға арналған үй-интернатта, Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығында медбике болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бері Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығында әлеуметтік жұмыс бойынша директордың орынбасары қызметін атқарып келеді.

Мұндай лауазым бұрын болмаған. Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы Президенттің жарлығына сәйкес тағайындалды. Өңірлік уәкіл әр айдың екінші сәрсенбісінде сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Петропавлдағы СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ғимаратында қабылдайды.

Бұған дейін Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының басшысы тағайындалғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар