СҚО-да алимент төлемегендер мен борышкерлерді іздеу акциясы өтіп жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО ІІД көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемей жүргендер мен борышкерлерді іздеу акциясын өткізуде, деп хабарлады полиция ведомствосына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұл тізімде жүзден аса солтүстікқазастандық бар. Олардың 32-сі - балаларына алимент қарыз. Екі күнде полицейлер алимент төлемей жүрген бес әкені тапты. Олар 62 борышкердің мекенжайын анықтауы тиіс. Олар таныстарына не қаржы мекемелеріне қарыздарын өтемеген. Петропавл тұрғыны үш жыл бұрын көршісінен 60 мыңдай қарыз алған. Алайда қарызын беруге асықпаған. Қарыз берген ер адам сотқа жүгінеді.
Тағы бір борышкер Мамлют ауданынан табылды. Ол миллион теңгеден астам сомада қарызданған. «Акция аяқталды, бірақ туыстық байланысты үзген адамдарды, борышкерлер мен алимент төлемей жүргендерді іздеу жалғасуда. Олардың мекенжайларын аралап, сот шешімдері мен олардың болуы мүмкін жерлер туралы қосымша деректерді мұқият зерделейміз. Тиісті органдарға сауалдарды жаңартамыз», - деді көші-қон басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Талғат Әбілов.