СҚО-да әрбір екінші тауарды салмағына жеткізбей сатқан

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде техникалық реттеу және метрология комитетінің департамент өкілдері 2016 жылды қорытындылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
None
None

Департамент басшысының міндетін атқарушы Бейбіт Әбілевтің айтуынша, өткен жылы департамент мамандары 61 тексеру жүргізді. Техникалық реттеу және бірыңғай өлшеуді қамтамасыз ету туралы заңнамасындағы талаптардың 20 рет бұзылғандығы анықталды. Мемлекеттік бас инспектордың бұйрығымен 2,2 млн теңге көлемінде әкімшілік жаза тағайындалды.

«42 түрлі азық-түлікті сатып алу барысында оның 18-і қаптамада көрсетілген салмақ өлшемімен сәйкес келмегені анықталды.  Нақты алғанда әрбір екінші тауар тиісті талаптарға сай келместен сатылған. Бас мемлекеттік инспектордың бұйрығымен осы мәселе бойынша 689 325 теңге көлемінде әкімшілік жаза тағайындалды», - деп айтты Бейбіт Әбілев.

Оның дерегі бойынша, өткен жылы департаментте 432 жеке және заңды тұлғалардың өтініші қаралған. Өтініштер саны 68%-ға өскен.

Прокуратураның талабы, сонымен қатар СҚО әкімдігінің басқармалары мен бөлімдерінің ұсынысы бойынша департамент мамандары тексеру жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылуда.

Соңғы жаңалықтар