СҚО-да әрқайсысының құны 500 млн. еуро тұратын екі жел энергиясы қондырғысы іске қосылды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданында «Зенченко және К» коммандиттік серіктестігінде Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру аясында екі жел энергиясы қондырғысы пайдалануға берілді.
None
None

Олардың әрқайсысының қуаты 1 мегаватт, бір қондырғының құны 500 млн. еуро.

Салтанатты жағдайда Новоникольское ауылы тұрғындары мен «Зенченко және К» КС жұмысшыларының қатысуымен оны іске қосу құрметі өңір басшысы Ерік Сұлтановқа берілді.

«Елімізде қайтарымды энергия көздерін дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықты бағыты. Геннадий Зенченко Новоникольское ауылында екі жел энергиясы қондырғысын орнатып, Мемлекет басшысының бастамасына республикада алғашқылардың бір болып үн қосты, Әрқайсысы 0,75 мегаватт болатын бұл қондырғылар 2012 жылы желтоқсанда жалпыұлттық телекөпір барысында таныстырылған болатын. Бүгінде «Зенченко және К» КС елімізде «жасыл» экономиканы дамытуға үлес қосуды жалғастыруда. Бұған бұрынғылардан да қуаттырақ тағы екі жел энергиясы қондырғылары орнатылып отырғаны дәлел», - деді өз сөзінде Ерік Сұлтанов.

Құрылыс «Астана ЭКСПО-2017» ҰК мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру шараларының жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. Әрбір қондырғының қуаты 1 мегаватт, биіктігі - 74 метр, салмағы 150 тоннадан асады.

«Жел энергиясы қондырғылары Германиядан сатып алынды. Әрқайсысының құны - 500 млн. еуро. Барлық электр қуаты СҚ АЭК кіші-стансасына жіберіледі. Онда қанша электр энергиясы шығарылғанын есептеуіш бар. Шығарылған энергия өндіріске және халыққа жұмсалады. Ай сайын 5-6 млн. теңге үнемдеуді жсопарлап отырмыз. Қондырғылар 3-4 жылда өзін ақтап шығады», - деді коммандиттік серіктестіктің бас инженері Иван Зенченко.

Жел генераторларын пайдалануға беру энергия шығындарын айына 6,3 млн. теңгеге дейін қысқартады және серіктестіктің энергия қажетін 100 пайыз жабады. Екі жылдың ішінде жел қондырғылары 4 млн. кВт/сағат электр энергиясын өндірді.

Соңғы жаңалықтар