СҚО-да аудан орталығындағы шырша санаулы минутта жанып кетті
Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылындағы бас шырша жанып кетті, деп хабарлайды Kazinform.
Әлеуметтік желіде жанып жатқан шыршаның бейнежазбасы тарады.
Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде болған.
Өрт сөндірушілер мұны растады.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 18.40-та Қызылжар аудандық өрт сөндіру бөліміне Бескөлдегі орталық алаңға құрылған шыршаның жанып жатқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына екі арнайы техника және 6 өрт сөндіруші жіберілді. Өрт мамандар келгенше сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, шыршаның жануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram