07:49, 22 Қаңтар 2025 | GMT +5
СҚО-да аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты 0-4 сынып оқушыларында мектепте сабақ болмайды.

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады. Қазір өңірде ауа температурасы -25 градус, алайда желдің әсерінен -35 градус сияқты сезіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін антициклон әсерінен аталған өңірде осы үш күн бойы қатты аяз тұратындығын жазған болатынбыз. Синоптиктердің болжамынша, күндіз -30 градусқа дейін жетеді деп болжанып отыр.
Сондай-ақ боранға байланысты Қазақстанның 11 облысында жолдар жабылды. Полиция күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.