СҚО-да балаларды жарысқа апара жатқан мұғалім қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жол апаты кеше, 14 қазан күні болған. Volkswagen Gof маркалы көліктің жүргізушісі - 46 жастағы азамат көк тайғақтың кесірінен рулге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Lada Priora маркалы көлікпен соқтығысқан. Апат кезінде Volkswagen көлігінің ішінде екі оқушы отырғаны анықталды.
«Жол апатының салдарынан Volkswagen Golf көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Көліктегі екі жолаушы Есіл ауданының ауруханасына жеткізілді. Келесі көліктің жүргізушісі аздап жарақат алған», - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Мадина Балғашоқова.
Зардап шеккен балалардың 15 және 16 жастағы оқушылар екен. Балалар аудандық ауруханаға жеткізілген соң, облыс оорталығынан санавиацяиының көмегімен білікті дәрігерлер ұшып кетті. Қазір балалардың жағдайы жақсы, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.