«Бағасы кәдімгі бензинмен бірдей». СҚО-да бидайдан биоотын өндіріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында бидайдан биоотын өндірілмек, деп хабарлайды «Jibek Joly» телеарнасы.

бидай
Фото: Ақорда

Оны ұшақтар мен көліктерге қолдануға болады.

Биоэтанол деп аталатын отын өсімдік шикізатынан алынады. Экологиялық таза. Еуропа елдерінде көліктерде кеңінен қолданылады.

Сондықтан кәсіпорын өнімді Еуро Одаққа экспорттауды жоспарлап отыр.

— Ал, нарықтағы бағасы кәдімгі бензин бағасымен бірдей болады, — дейді зауыт басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны 14 есеге артқаны хабарланды.

Сондай-ақ, Петропавлда жолаушы тасымалдаушылар көшедегі автобустардың санын екі есе қысқартуды көздеп отырғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар