СҚО-да биыл 100-ден астам жаяу адамды көлік қағып кеткен

Петропавлда жаяу жүргіншілердің өткелдеріне жарықдиодты жол белгілері орнатылып жатыр. Полиция осылайша тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Тек биыл облыста 113 жүргіншіні көлік қағып кеткен, дейді Kazinform.

ДТП с автобусом в Караганде: мужчина бросился под колеса
Фото: pixabay

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, өңір жолдарында жыл басынан бері 327 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның 113-інде жаяу жүргіншілер көлік қаққан. 

Жол апатының 25-і жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған.

Жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыруға бағытталған рейдтерден бөлек, тәртіп сақшылары жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарына ден қойды.

Өткен аптадан бастап полицейлердің ұсыныстары бойынша оқу орындары мен адам көп жиналатын орындарға жақын орналасқан Петропавл көшелерінде жол белгілері жаңартыла бастады. Жол белгілері жарықдиодты шамдармен жабдықталған.

Бұл оларды қараңғы уақытта, кез келген ауа райында анық көруге мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындар бұл жаңашылдықты толығымен қолдап жатыр.

«Бұл жерден балалар жиі өтеді. Жаңа үйлер салынып жатыр. Жақын жерде супермаркет те бар. Жақсы жасалған. Енді жүргізушілерге мұқият болу керек», - дейді Петропавл тұрғыны Кенжебай Мұқатаев.

Облыс орталығының жол желісінде жарықдиодпен жарықтандырылған барлығы 46 жаяу жүргінші өткелі орнатылған. Қазір тағы 10-ы іске қосылады.

«Жаңа оқу жылының қарсаңында мектептер мен колледждердің маныңда 15 қосымша жасанды кедергі, қажетті жол белгілері орнатылып, олар ағымдағы жөндеуден өтті. Сондай-ақ жол үстіне таңбалар салынуда. Полиция департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп жол қозғалысы жағдайын жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді», - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Соңғы жаңалықтар