СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 102 бала дүниеге келді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында биыл 4,2 мың нәресте туды.

жаңа туған аналар, аңсаған сәби, нәресте, перзентхана
Фото: СҚО әкімдігі

Жаңа жыл қарсаңында өмірге сәби әкелген көпбалалы аналарды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов перинаталдық орталыққа барып құттықтады. 

Бірер күн бұрын Әсемгүл Сагитова мен Манат Маханбеталиева өмірге алтыншы баласын әкелді. Дүниеге дені сау нәресте келді.

нәресте, ана мен бала, аңсаған сәби, перзентхана
Фото: СҚО әкімдігі

Облыс әкімі жас аналарды құттықтап, сыйлық табыс етті. 

жаңа туған аналар, аңсаған сәби, нәресте, перзентхана
Фото: СҚО әкімдігі

— Біздің өңір ана мен жаңа туған сәбидің денсаулығын бірінші орынға қояды, сапалы медициналық көмек және қамқорлық көрсетіледі. Орталықта барлық жағдай жасалған, 53 тәжірибелі дәрігерден тұратын персонал жұмыс істейді. Сондай-ақ, 10 акушер-гинеколог бюджет есебінен резидентурада оқып жатыр. Бұл өңірдің медициналық кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Биыл өңірде 4,2 мың бала дүниеге келді. Сондай-ақ, бала сүюді армандаған отбасыларға қолдау көрсетеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында қазіргі заманғы әдіс — ЭКО қолданылады. Осы жобаның арқасында тек биыл 102 бала солтүстікқазақстандық отбасыларға бақыт сыйлады, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

нәресте, ана мен бала, аңсаған сәби, перзентхана
Фото: СҚО әкімдігі

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде 7,4 мың көпбалалы отбасы бар. Оларға жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, жеңілдіктер, автобуста тегін жүру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жеңілдетілген ипотека беріледі. Бұл шаралар көпбалалы отбасылардың өмір сапасын жақсартуға және балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Биыл перинаталдық орталықта 42 — егіз, бір үшем дүниеге келді.

Сондай-ақ, мерзімінен ерте туған 299 шақалаққа көмек көрсетілді. 

Бұған дейін биыл сәбилерге қойылған ең танымал есімдер жайлы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар