СҚО-да биыл мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты 30-ға жуық тұрғын арызданды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында мамандар мемлекеттік қызмет алу барысында құқығыңыз бұзылса, қайда жүгінуге болатынын айтып берді.

eGovда васий ва ҳомийларнинг ҳолатини текшириш хизмати ишга туширилди
Фото: Kazinform

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы Анар Батталбектің айтуынша, биыл тұрғындардан 26 өтініш түскен. 

- Олардың ішінен 13 өтініш иесінің уәжі расталды және барлық жағдайда азаматтардың құқықтары толық қалпына келтірілді.

Өтініштердің 12-сі «EgovKzBot2.0» Telegram-боты арқылы келіп түскен. Соның ішінде 10 өтініш бойынша құқық бұзушылық расталып, тиісті шаралар қабылданды, - дейді Анар Батталбек. 

Шілде айында Петропавл тұрғыны «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» қызметін алу кезінде кедергілерге тап болып, Департаментке жүгінген. Маманның айтуынша, қ ағидаларға сәйкес, бұл қызмет 30 күнтізбелік күн ішінде көрсетілуі тиіс.

Алайда, қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өтінімді белгіленген мерзімде қарамаған.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Департамент тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізуде бастамашы болып, азаматтың заңды мүддесін қорғап шықты.

- Егер азамат мемлекеттік қызметті алу барысында құқықтарының бұзылғанын анықтаса, ең бастысы уақтылы хабарласу қажет. Бұл мәселені тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді, - дейді Анар Батталбек.

Бұған дейін СҚО-да жарты жылда мемлекеттік қызмет заңнамасын бұзудың 500-ге жуық фактісі анықталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар