СҚО-да биыл жергілікті маңызы бар 600 км жол жөнделеді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 84% нормативтік көрсеткішке сай келеді.

жол құрылысы
Фото: Алматы әкімдігі

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, өңір еліміздегі жолдардың ұзындығы бойынша 2-ші орында тұр. Облыс автожолдарының ұзындығы 8 416 км болса, оның 2 мың км жуығы - республикалық маңызы бар жолдар. 

- Жолдарды жөнге келтіру міндеті тұр. Соңғы екі жылда 1,6 мың шақырымнан астам жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы жөнделді. Былтыр жергілікті автожолдарды дамытуға және көше-жол желісіне 52,6 млрд теңге бөлінді. Алғаш рет осындай мөлшерде мол қаражат бөлініп отыр. Нәтижесінде 2024 жылы бөлінген қаражат есебінен 793,6 км жөнделді, оның 630 км жергілікті маңызы бар жолдар және 163,6 км көше-жол желісі, - дейді басқарма басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжінов. 

Орындалған жұмыстар есебінен жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жағдай үлесін 84% жеткізу мүмкін болған. 

- Жалпы, 2026 жылға дейін жергілікті желі бойынша нормативтік үлесті 95% дейін жеткізу жоспарланған. Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды және көше-жол желісін жөндеуге 34,6 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 600 шақырым автожолды және 100 шақырымнан астам көше-жол желісін қамтимыз, - дейді Мирхат Әбілмәжінов. 

Бұған дейін Петропавлдағы Жұмысшы кенті мен қала орталығын қосатын автоөткел биыл қолданысқа берілетіндігін жазған едік

Соңғы жаңалықтар