СҚО-да «Биохим» зауыты қалпына келтіріледі
«Қазақстанның инвестициялық қоры» СҚО Тайынша қаласындағы барлық салалық активтерді шоғырландыру жұмысын аяқтайды. Қазір активтерді «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-ға өткізу мәселесі шешіліп жатыр. Келісім 2016 жылдың ақпанында аяқталады деп күтілуде. Жоба құны шамамен 38,5 млн. АҚШ долларын құрайды. Зауытта қалыпқа келтіру жұмыстары жақын арада басталмақ», - деп хабарлады Қазақстанның инвестициялық қорында.
Жоба импортты алмастыруды және елдің жанар-жағар май қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.
Жобаны іске қосу бұрынғы жұмыс орындарын жаңғыртып, жаңасын құруға септеседі. Бұрын мұнда 371 адам жұмыс істеген. Жобаны іске қосқанда алғашқы кезеңде бюджет 86 млн. теңгеден астам қаржыға толығады деп күтілуде.
«Зауыт биоэтанол шығарады. Ол жанар-жағар май (Е85 және 95 стандартындағы жанар-жағар май) өндіруде пайдаланылады», - деп атап өтті Қазақстанның инвестициялық қорында.
Қазір Қазақстанның инвестициялық қоры «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен өндірісті іске қосу бойынша кешенді шараларды құрастырды. Өндіріс қуаттылығының техникалық аудиті аяқталды, өндірісті іске қосу кезеңдері анықталып жатыр.