СҚО-да бір адамға орташа есеппен 23 шаршы метр тұрғын үйден келеді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй қоры бір жылда 130 мың шаршы метрге ұлғайды.

квартира
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің деректері бойынша СҚО-да 2025 жылғы 1 қаңтарда тұрғын үй қоры 12,8 млн шаршы метрді құраған. Оның 46,5% — қалалық, қалғаны ауылдық тұрғын үй қорына жатады. Соның ішінде 2,7% ғана мемлекеттік тұрғын үй қорының үлесінде. Қалғаны жеке меншік.

Ал сыртқы қабырғаларына қолданылған материалы бойынша тұрғын үйлердің жалпы алаңына келер болсақ: 49% — түрлі қабырға материалдары, 30 — кірпіш, тас, 14 — үлкен панельдер, 4,5 — саман, 1,5 — монолитті бетон (темір-бетон), 0,3 — каркас панель, 0,3% ірі блок қолданылған.

Облыс бойынша жалпы тұрғын үй алаңын бір адамға шаққанда 23 шаршы метрден келеді.

Бұған дейін Астанада 600-ге жуық құрылыс компаниясы заң бұзғанын жазған едік.