СҚО-да бүгін екі жеңіл көлік отқа оранды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында бүгін екі жеңіл көлік отқа оранды, екі оқиға да жанармай құю стансасының жанында болды.

жеңіл көлік
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші оқиға Қызылжар ауданы Бескөл ауылына кіре берістегі жанармай құю стансасының жанында болған. Сағат 14.56 минут кеткенде «101» жедел арнасына Ауди-100 маркалы автокөліктің өртенгені туралы хабар түскен. Санаулы минутта жанған көлікті сөндіруге Бескөлдегі №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жетті. Көлік салоны отққа оранып үлгерген екен. Өрт сөндірушілер 15.13-те өртті толық сөндірді. 

Жалынның неден шыққаны және шығын көлемі анықталып жатыр. 

Екінші көлік кешкі сағат 20.00 шамасында Петропавлдағы Пушкин көшесі, 196 мекенжайында, жанармай құю стансасының маңында өртенген. Оқиға орнына жеке құрамнан 20 адам, 5 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келгенде көліктің қозғалтқыш орналасқан бөлігі жанып жатқан. Мамандар 5 минуттың ішінде өртті сөндірді. 

Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. 

Видео: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар