12:19, 10 Сәуір 2012 | GMT +5
СҚО-да дәнді дақыл экспортының едәуір өскені байқалды
ПЕТРОПАВЛ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы дәнді дақыл экспортының өскені байқалуда,

деп хабарлады СҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
2012 жылдың алғашқы 3 айында экспорттық тауар айналымы 172,3 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3 есе жоғары.
Ал бидай экспорты өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда, 3 есеге немесе 56,8 млн. АҚШ долларына өсті.
Импорттық тауар айналымы 27,7 млн. АҚШ долларына жетті. Оның 56 пайызы - сүт өнімдерін өңдеу жабдықтары.
Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы айналымы 200 млн. АҚШ долларынан астам соманы құрады.