СҚО-да демалыс орнында шыққан орман өрті дер кезінде сөндірілді

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында орналасқан демалыс орындарының бірінде орман төсенішінің өрті тіркелді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

орман өрті
Фото: ТЖМ

Табиғи өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері, орман шаруашылығы қызметкерлері, сондай-ақ министрлікке қарасты тікұшақ жұмылдырылды.

- Өрт таулы және қиын жер бедерінде шыққандықтан, сөндіру жұмыстары біршама күрделі болды, - деп жазды ведомстводан.

Министрліктің мәліметінше, құтқару бөлімшелері мен орман күзетінің жедел әрі үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында өрт бастапқы даму кезеңінде сөндірілген. Бұл оның кеңінен таралуына жол бермеді.

Айта кетейік, төтенше жағдай туындаған жағдайда азаматтар 112 нөміріне қоңырау шалуы қажет.

Еске салайық, Өскеменде шыққан өрт ғимараттың 2450 шаршы метр аумағын шарпыды.

Соңғы жаңалықтар