СҚО-да егіннің 59%-ы орылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жиын-терім науқаны жалғасып жатыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәлімет бойынша, бүгінгі күнге дейін егіннің 2 млн гектары орылған, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Орташа түсім - 15 центнер. Өнімді 54 элеватор қабылдайды. Оның 5-еуі осы жылы ашылды. Бұл биылғы астықты толық сақтауға мүмкіндік беріп отыр. Өңір диқандары күзгі дала жұмыстарын жүргізуге арзандатылған 73 мың тонна жанар-жағармай алды. Ауа райы қолайлы болса, аймақта 5 млн тонна астық жиналады деп жоспарланып отыр.

- Биыл егін орағына 8 мың комбайн шықты. Оның ішінде 2980-і - жоғары өнімді комбайндар. Сонымен қатар биыл «ҚазТехМаш» зауытының Sampo комбайндарынан 21 комбайн біздің егінімізге шықты. Ауа райы жақсы болса, 14 күнде науқанды аяқтаймыз, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров.

Соңғы жаңалықтар