СҚО-да егіс танаптарының 80 пайызына тұқым себілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының егіс танаптарында жаздық бидайдың 80 пайызы егілді. Бұл туралы СҚО ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлады.
None
None

Өңірде жаздық бидай ауыл шаруашылығы басқармасының 30 мамырдағы деректеріне сүйенсек, 3 млн. 300 гектар алқапта көктемгі егіс жұмыстары аяқталды. Бұл жалпы көлемнің 81,4 пайызы. Дәндік дақылдар 2 млн. 700 мың гектарға себілді. Озық аграршылар ішінде: Қызылжар, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар бар.

Майлы дақылдар 521 мың гектарға егілді. Бұл көрсеткіш бойынша Ақжар, Мамлют және Тимирязов аудандары алда келеді. Жем-шөптік дақылдарға 125 мың гектар жер бөлінсе, бүгінде оның 70 мың гектары немесе 56,2 пайызы өңделді. Картоп үлесі - 27,2 мың, көкөністер - 5,2 гектар. Ал 237 мың гектар егістік танабы тыңайтқышпен өңделді.

Соңғы жаңалықтар