СҚО-да егін егу науқаны аяқталды

посевная
Фото: Үкімет

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны аяқталды. Биыл өңір диқандары 4,5 млн га алқапқа дақыл екті. Бұл – былтырғы егістік аумағымен бірдей. 

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, осы жылы шаруашылықтар 3,4 млн га дәнді, 751 мың га-ға майлы дақыл септі. Сондай-ақ, 379 мың га-ға жем-шөп, 26 мың га-ға картоп, 5 мың га-ға көкөніс екті.

«Өңірде дәнді дақылдарды себудің оңтайлы мерзімі бар. Жауын-шашынға қарамастан диқандар бұл жұмысты уақытында аяқтап отыр. Биыл сортты жаңарту көрсеткіші 10% жеткізілді. Жақсы өнім алу мақсатында 3 млн га алқапқаа 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған.

Былтырғы күздегі жауын-шашынды және биылғы тасқынды ескеріп, диқандарға қазақстандық зауыттар минералды тыңайтқыш бағасын бөліп төлеуге мүмкіндік беріп отыр. Қазір 60% төлесе, қалғанын күзде, егін жинағаннан кейін бере алады. 

Науқанға литрі 250 теңгеден арзандатылған жанар-жағармай берілді. Мерзімінде аяқтауға әртүрлі модификациядағы 12,7 мың трактор, 14 мың астық сепкіш, 1,5 мың заманауи жоғары өнімді егіс кешендерінің септігі тиді», - дейді ведомствоның басшысы Мейрам Меңдібаев.

СҚО-ға мемлекет ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 60,8 млрд теңге бөлді, оның 20,4 млрд теңгесі өсімдік шаруашылығына жұмсалады.

Бұған дейін Петропавлда су астында қалған 2 мыңнан астам үйдің 1600-ге жуығы сүрілетіндігін жазған едік

Соңғы жаңалықтар