СҚО-да екі алаяқ 37 адамды алдап, 100 млн астам теңгені қалтаға басқан
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының апеляциялық алқасы екі алаяққа қатысты шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Биыл сәуір айында Петропавл қаласының соты екі және одан да көп адамға қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау ісі бойынша үкім шығарды Қылмыскерлер 37 адамды алдап, олардың сеніміне кіріп, алдын ала сөз байласу арқылы 100 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
Сотта бұлтартпас дәлелдер болғанымен, сотталушылар жасалған қылмыстарға кінәсін жоққа шығарды, істеген іске өкінбеді.
Жәбірленушілер олардың іс-әрекеттерін адамдардың сеніміне кіруге қабілетті, жақсы манипуляторлар деп сипаттады және соттан «Б» және «Т» бас бостандығынан айыруды сұрады.
Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісіп, біреуін - 6,8 және екіншісін 6 жылға бас бостандығынан айырды, олардан келтірілген материалдық зиянды өндіріп алды.
СҚО-ның апелляциялық алқасы «Б» және «Т» сотталғандарға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.
Бұған дейін СҚО-да 74 мектепте тыйым салынған контентке қол жеткізуге тосқауыл қойылғанын жазған едік.