19:00, 10 Шілде 2024 | GMT +5
СҚО-да екі жасөспірім суға кетті
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында екі жасөспірімнің денесі өзен арнасынан табылды.

Оқиға бүгін Бескөл ауылының маңында, Есіл өзенінің арнасында болған. 2009 және 2012 жылы туған екі баланы іздеуге облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 маманы, 3 техника және ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат жұмылдырылды. Нәтижесінде сағат 14.40 минут кеткенде жасөспірімдердің денесі табылып, судан шығарылды.
Екі баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
СҚО-да суға шомылу маусымы басталғалы осымен 6 адам мерт болды.
Естеріңізге салайық, 1 шілде күні «Черное» көлінде 20 жастағы жігіттің суға кеткенін жазған едік.