СҚО-да екі жүк көлігі соқтығысып, бір жүргізуші мерт болды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Жол-көлік оқиғасы Солтүстік Қазақстан облысында «Астана-Петропавл» тас жолында болды.

СҚО-да екі жүк көлігі соқтығысты
Фото: видеодан салынған скрин

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан екі жүк көлігінің бетпе-бет соқтығысқанын көруге болады. 

СҚО-да екі жүк көлігі соқтығысты
Фото: видеодан салынған скрин

СҚО полиция департаменті осы дерекке қатысты түсінік берді.

- Жол-көлік оқиғасы бүгін 7 наурыз күні «Астана-Петропавл» тас жолында, Астраханка және Чапаево елді мекендерінің маңында болды. MAN маркалы екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан оқиға орнында 32 жастағы жүргізушілердің бірі мерт болды. Қазір осы фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Қазір жолдарда көктайғақ. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін полицейлер жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды, ауа райын ескеріп, көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыруды еске салды.

Бұған дейін Ақмола облысындағы кеніште қайғылы оқиға болғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум