СҚО-да екі ауылдың тұрғындары өз үйлеріне қайта бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылдың тұрғындары өз үйлеріне қайта бастады. Осыдан төрт күн бұрын су басу қаупі жоғары болғандықтан, олар қауіпсіз жерге көшірілген болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Вадимир Беккердің айтуынша, бүгінде Сілеті бөгенінен жіберілетін судың көлемі азайып отыр. Соның арқасында Сілеті өзенінің деңгейі бір метрге төмендеді. «Ол жақта Қаратал мен Құлыкөл елді мекендерінде жағдай қиын болды. Бір тәуліктің ішінде судың деңгейі бір метрге азайды. Сол себепті ауыл тұрғындарына өз үйлеріне қайтуға рұқсат берілді. Сөйтіп, Қаратал мен Құлыкөлдің тұрғындары қайтадан өз үйлеріне кірді», - деді В.Беккер Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, аптаның басында Сілеті қоймасынан судың көптеп жіберілуіне байланысты Солтүстік Қазақстандағы Қаратал мен Құлыкөл ауылдарын су басу қаупі жоғары болған. Сол кезде Сілеті бөгені 95 процентке толып тұрды. Осыған байланысты суды жіберіп тұруға тура келді. Сол күні сағат 12:00-ден бастап Қараталдың тұрғындарын алдын ала қауіпсіз жерге көшіре бастады. Ал Құлыкөл ауылында өзен суы шеткі үйлерге жақындап қалған.

Бүгінде Ақмола облысында Жабай мен Колутон өзендерінің суы күрт көтеріліп кетті.

Соңғы жаңалықтар