СҚО-да екі бала суға кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 8 және 9 жасар екі бала суға кетті. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«26  мамырда кнәсіз баланың өмірі қиылды. Тайынша қаласының маңындағы Чаглинка өзенінен жергілікті тұрғындар  сегіз жастағы баланың өлі денесін тапты. Баланың денесінде зомбылық іздері болған жоқ, сірә, суға шомылу кезінде батып кетсе керек. Өлімнің себебі әзірге анықталған жоқ, тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстық іс қозғалды», - деп көрсетілген ТЖД хабарламасында.

9 маусымда тағы бір бала ажал құшты, ол небәрі 9 жаста болатын. Қайғылы оқиға Новоселовка ауылы жанындағы Битеке өзенінде болды. Ағайынды екі бала көшеде ойнап жүріп, өзенге шомылмақ болды. Інісі өзен түбіндегі балдырға шырмалып қалса керек. Ағасы оны құтқармақ болды, бірақ та оған күші жетпеді, одан кейін көмекке шақырып, ауылға жүгіріп кетті. Алдымен көршілер келіп жетті, олар әрең дегенде баланы жағаға шығарды. Осы кезде мдеицина қызметкерлері де келіп үлгерген еді, олар алғашқы көмек көрсетті, бірақ та мүлдем кеш еді. 

Соңғы жаңалықтар