СҚО-да екі жыл бұрынғы қылмыс әшкереленді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер екі жыл бұрынғы қылмысты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қарақшылық шабуыл 2017 жылдың күзінде Ғ.Мүсірепов ауданында жасалған. Урожайное ауылының 21 жастағы тұрғынының үйіне ер адам басып кірген. Қолында пышақ болған, бетін жемпірінің жағасымен жауып алған. Қорыққан қыз барлық ақшасын берген. Ол есеңгіреп, полицияны бірден шақырмаған. Ол кезде қылмысты әшкерелеу мүмкін болмаған.

«Облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері полицияның аудандық бөліміне келген. Өңірде «құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Істегі фактілер қайта тексеріліп, күдікті анықталды», - деді басқарма бастығы Пётр Климов.

58 жастағы күдікті - бұрын сотталған осы ауданның тұрғыны. Ол ауданнан шықпау туралы қолхатпен жіберілді. Қазір «Қарақшылық шабуыл» қылмыстық бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Ол осы қылмысы үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар