СҚО-да ер адам құдыққа құлап кетіп, мерт болды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – СҚО-да абайсызда құдыққа құлап кеткен азамат мерт болды. 

СҚО-да ер адам құдыққа құлап кетіп, мерт болды
Фото: Александр Павский / Kazinform

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Чириковка ауылының 38 жастағы тұрғыны құдықтан су әкелмек болған. Көп өтпей оның денесі құдық ішінен табылды. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Чириковка елді мекені тұрғындарының айтуынша, ауылда колонкаларға су күніне екі рет қана беріледі. Таңғы уақытта сағат 8.00-ден 9.00-ге дейін және кешке сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін.

Қалған уақытта үйіне су кіргізіп алмағандар құдықтан алуға мәжбүр. 

Абайсызда мерт болған ер адам ауылда түрлі жұмыс атқарған. Үш жасар қызы бар. 

Естеріңізге салайық, Петропавлда аз уақыт ішінде қатарынан үш әйелдің жоғарғы қабаттан құлағанын жазған едік.  

Соңғы жаңалықтар