СҚО-да ер адамды аяусыз өлтірген екі жігітке 9,5 жылдан жаза тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қалалық соты 42 жастағы ер адамның өлімі жайлы іс жөнінде үкім шығарды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сот залындағы  22 жастағы Сергей Ханин мен 19 жастағы Игорь Маламыжев сот үкімімен ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлімінде («Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана денсаулыққа зақым келтіру») қарастырылған қылмыс жасауда айыпты деп танылды. Әрқайсысына жалпы режимдегі түзеу колониясында 9,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соттың анықтауынша, биылғы ақпан айында Петропавл қаласындағы Островский көшесінде орналасқан пәтерде жас жігіттер спиртті ішімдіктер ішкен. Алкоголь аяқталғанда Игорь Маламыжев дүкенге кеткен. Жолай зардап шегуші Р.М. Латфуллинді жолықтырып, пәтерге ішімдік ішуге шақырған. Бірақ уақыттан соң араларында туындаған жанжал үй алдында жалғасын тапқан.

null  

«Сотталушылар бір уақытта зардап шегушіге жабылып, тепкілей бастаған. Кейінірек Р.М. Латфуллинді тасалау жерге сүйреп апарып, соққылауды жалғастырған. Жерде жатқан ағаш бұтағын қылмыстық қару ретінде пайдаланып, жәбірленушінің айналшығына тығып, адам сөзгісіз айуандықпен қинаған. Одан кейін Маламыжев И.С. асқан қатыгездікпен Латфуллиннің құлақ жарғағын кесіп алған және денесін аулақ жерге апарып, өздері қылмыс орнынан іздерін суытқан», - делінген іс материалдарында.

Алынған жарақаттан ер адам қайтыс болды. Марқұмның әпкесі Софья Усманованың айтуынша, жақын адамы енді қайтып келмейді, ең бастысы сотталушылар өз айыбын түсініп, жасаған ісіне өкінуі тиіс.

«Қазіргі жастар неге қатігез? Бұған кім кінәлі? Іс материалында келтірілген зақымдар туралы толық жазылған. Інімнің сау жерін қалдырмапты. Мүмкін біздің буын бір нәрсені жіберіп алған шығар? Жігіттердің ата-анасына да обал. Қанша жыл берсе де, біз үшін бұл балалардың өз істерін толық сезініп, шын өкінгені маңызды», - деді Софья Усманова.

Сот үкімі әлі заңдық күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар