СҚО-да еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа жеңіл көлік сыйға берілді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы, еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа жеңіл көлік сыйға берілді. Балуанның ата-анасы мен жаттықтырушысы да марапатталды.

Нұрқожа Қайпанов
Фото: СҚО әкімдігі

Бүгін облыстық әкімдікте чемпион Нұрқожа Қайпановқа сый-құрмет көрсетілді. Өңір басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов спорттағы жетістіктері үшін балуанға СҚО әкімінің құрмет грамотасын және автокөліктің кілтін табыс етті. 

Қайпановтың жаттықтырушысы
Фото: СҚО әкімдігі

Жеке бапкері Сағындық Бейсембаевқа 3 млн теңге сомасында ақшалай сыйақы берілсе, Нұрқожаның ата-анасы Аралбек Қайпанұлы мен Перизат Қанатбайқызы СҚО әкімінің алғысына ие болды.

Нұрқожа Қайпановтың әкесі
Фото: СҚО әкімдігі

Бұған дейін Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақтарда өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Нұрқожа Қайпановты Петропавлда теміржол вокзалында салтанатпен күтіп алғанын жазған едік. Бұл балуанның бес жылдан кейін алып отырған қомақты жүлдесі. Енді ол алдағы олимпиада ойындарына дайындалмақ.

 

Соңғы жаңалықтар