СҚО-да есірткімен ұсталған әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткіні таратқаны үшін 24 жастағы келіншек сотталды.

СҚО-да есірткімен ұсталған әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткімен өткен жылдың жазында ұсталған. Тінту кезінде одан тарату үшін дайындалған 20,95 грамм α-PVP және 23,71 грамм «мефедрон» тәркіленді. Тергеу барысында келіншектің есірткіні қаланың шетіндегі орман ішіне жасырылған жерден алып кеткені анықталды.

Жалпы салмағы 0,17 грамм болатын α-PVP есірткісі салынған фольгамен оралған тағы 3 түйіншек оның қолсөмкесінен табылды. Аса ірі мөлшерге жататын есірткіні ол өзі пайдаланбақ болған.

Ұсталған келіншек бұған дейін 20 жасында есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін сотталып, жазасын өтеді. Сот оның іс-әрекетінде қауіпті рецидивті байқап, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Өткен жылы полицейлер СҚО-да есірткі сатудың 132 фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 8 келіден астам синтетикалық психотроптық заттар тәркіленіп алынды.

Бұған дейін жоқ пәтерлерді «жалға беріп келген» алматылық тұрғынның СҚО-да16 эпизод бойынша сотталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар