СҚО-да Индустрияландыру картасының аясында «Ростан» май зауытында жаңа желіні іске қосты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ленинский ауылында орналасқан «Ростан» фирмасының май шығаратын зауытында Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығын іске асыру аясында жаңа бөлшектеп өлшеу-орау желісін іске қосты. Өндірісті бастау белгісін беру құрметті құқығы аймақ басшысы Ерік Сұлтановқа берілді.
None
None

Жабдықтар Ресейден әкелінген, оның құны - 6 млн. теңге. Минутына 10-нан 20 келіге дейін майды бөлшектеп өлшейді. «Ростан» серіктестігінің өнімдері тек қазақстандықтардың ғана емес, ресейлік тұрғындардың да сұранысына ие. Кәсіпорында ірімшік, сүзбе, май шығарылады. Өткен жылы РФ-ның Барнаул қаласына 80 тонна ірімшік экспортталды. Биыл шамамен 150 тонна ірімшікті Владивостокқа жібермекші болып отыр.

«Ресейліктерді оның бағасы да, сапасы да қанағаттандырады. Сондай-ақ бізде өндірісті жаңғырту аяқталды. Оған шамамен 30 млн. теңге жұмсалған», - деп хабарлады біздің тілшімізге «Ростан» ЖШС-нің директоры Владимир Ростовщиков.

Жыл басынан бері «Ростан» май зауытында 20 млн. теңгеге өнімдер сатылды. Бүгінде зауыттың толық қуаттылықпен жұмыс істеп отырғанын атап өту керек. Онда күніне 10 тоннаға дейін сүт өңделеді.

«Ростан» май зауытында 49 адам жұмыс істеуде. Өндірістің дамуымен бірге жыл сайын қызметкерлердің жалақысы да көбейіп келеді. Мұндағы орташа еңбекақы 60 мың теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар